Бір ел-бір кітап«Бір ел, бір кітап» акциясы Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында Қазақстанда республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын. Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың поэзиясы мен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы жалпыхалықтық оқуға ұсынылды. Осыған орай, 22 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел- бір кітап» акциясының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Акция барысында клуб мүшелері, белсенді оқырмандар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқыды. Теледидардан кітапхана жайлы деректі фильм көрсетіліп, кітап хит парады ұйымдастырылды. Шараға ақын-жазушылар: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қ.Жәленова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қ.Есімсейітова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Б.Ұзақбаев, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғ.Әбілдаева, ақын А.Толыбаев және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, колледж студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Кітап көрмесіне және даналық ағашына библиографиялық шолу жасалынды.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кі тапханасында 2018 жылдың 3 қазан күні республикалық «Бір ел – бір кітап » акциясының таңдауы бойынша Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаяты бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, рухты көтеретін, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптардың көбірек оқылуына ықпал жасау. Шара барысында хикаят-монологтың басты кейіпкері Ержанның басынан кешкен қиын тағдыры, өмір мен өлім арасында арпалысқан ойлары негізгі тақырыпқа айналды. Аурухана төсегіне таңылған ер мінезді, жігерлі Ержанның өмірдің құндылығы, қилы тағдырларды суреттеген монолог оқырманын терең ойға батырды. Шараға «Болашақ» университеті мен «Ұлағат» көпсалалы колледжі студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты. «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында 2017 жылдың таңдауы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты поэзия кеші өтті. 14 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы таңдалып алынған қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр»атты поэзия кеші өтті. «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ерекшеліктердің бірі бір мезгілде бүкіл ел болып бір кітапты оқып-талқылау болып табылады. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, қоғамның кітап оқуға және Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету. Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау. Поэзия кеші сахналық көрініспен басталады. Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне Күн болмағанда кім болам? Сахарада өмір кешіп, үш түрлі жолда жүрген қазақ балаларының тағдыры көрсетілді. Ақын өмірдің бұралаң жолдарын көзбен көріп, көкірегіне түйіп, жырлап кеткен. Талмай ізденіп, қиындықпен алысып, шындық жолын табуға талпынған, өз тағдырын өзі жасаған, өмірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын. Кеш барысында кітапхана оқырмандары С.Торайғыровтың шығармаларынан өлеңдер оқыды. Ақынның көзін көрген замандасы Әлкей Марғұланның 1940 жылғы, туысы Шәйбай Аймановтың 1960 жылы айтылған естелігін және заманауи жазушы Роллан Сейсенбаевтың пікірін қатысушылар көрініс арқылы тыңдады және ақын ғұмырының бір үзік сырын баяндайтын сахналық қойылымды тамашалады. Көк аспанды осып өткен жасын отындай қысқа ғана тіршілігінде ұлан – ғайыр жыр жазып, артына мол мұра қалдырған ардақты ақын туралы ой-толғаныстар кеңінен талқыланды. Шараға қатысушылар «Адасқан өмір» поэмасын тыңдай отырып, жыр жолдарынан ақынның өз өміріне шолу жасағанын аңғарып, ерекше толғаныста болды. 2007 жылдан 2017 жыл аралығында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жыл кітабы атанған шығармалардың шеруі көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалынды. Кеш соңында мерекелік шағын концерт ұйымдастырылды. Қатысушылар: Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Қ.Құдайбергенов, «Әлімсақ» журналының редакторы Н.Көбегенұлы, ақын Р. Наурызбаева,БАҚ өкілдері, оқу орындарының студенттері. "Бір ел-бір кітап"республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті 2016 жылғы кезекті жыл кітабын таңдау мақсатында Ұлттық академиялық кітапханасында бас қосты. Еліміздің белгілі ғалымдары мен ақын-жазушылары, облыс кітапханаларының басшылары қатысқан отырыста жабық дауыс нәтижесі бойынша зар заман ақындарының арасындағы жарық жұлдыз –Дулат Бабатайұлының "Өсиетнама" кітабы жыл бойы оқылатын болды. Дулат Бабатайұлы– ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ірі өкілі, халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сыпатта бірінші болып қозғаған ақын.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1880 жылы Қазан қаласында "Өсиетнама" деген атпен жарыққа шыққан. Ақын өлеңдерінің тілі суретті, көркемдігі терең, тәрбиелік мәні зор. "Ұлы ақынның өзі айтқандай сөз ұғатын, ой қадірлейтін әр адамның таным көкжиегін кеңейтуге ат салысар қадау-қадау ой түйіндері Дулат Бабатайұлының өмір таным толғамдары арқылы ұлттық қана емес, жалпыадамзаттық биіктіктен үн қатады. Егер философияны даналықты сүю деп түсінер болсақ, онда Дулат өлеңдері тереңінде тұнып жатқан тағылымды көзқарастар өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де ұлттық танымды жете зерделеуге жол ашатын дәйекті дәнекер, байыпты байлам, тұғырлы тұжырымдар деп бағалауға әбден лайық" халқымыздың басына қара бұлт төніп, жерімізді отарлау саясаты басталғанда ұлт-азаттық қозғалысын жалпыұлттық сыпатта бірінші болып қозғаған ақын. Барша қала тұрғындарын Дулат Бабатайұлының шығармаларын оқуға шақырамыз! Дулат Бабатайұлы "Өсиетнама" кітабына буктрейлер
«Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комиссиясының шешімі бойынша 2015 жылы жалпыхалықтық оқуға І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. Аса көрнекті жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ілияс Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Көшпенділер» трилогиясын насихаттау мақсатында жыл көлемінде Қызылорда облысы кітапханалары бойынша атқарылатын шаралар жоспары бекітіліп, насихат жұмыстары басталды. «Көшпенділер» трилогиясының алтын желісі, негізгі өзегі - қазақ халқының саясат бұғауы, шовинизм құрсауымен беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту болды. Кітап 3 млн данамен 50 реттен аса шығарылып жарық көрген, әлемнің 30 тіліне аударылған бұл шығарма уақыт өткен сайын тарихи құндылығымен биікке көтерілуде. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кезеңімен тұспа-тұс келген кезеңде «Көшпенділер» тарихи шығармасын ел болып оқып, танысып, талқылаудың жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы зор. Барша қауымды І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын жаппай оқуға шақырамыз! Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі өз оқырмандарын жыл кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқуға шақырады. Наурыз айынан бастап «Оқы, талқыла, ұсын...» атты кітап марафонының басталғанын жариялаймыз, қорытындысы қыркүйек айында шығады. «Кітап марафонының» жеңімпаздары «Кітапқұмар», «Ең үздік ұйымдастырушы», «Ең көп оқыған сынып», «Ең көп окыған мектеп», «Ең үздік эссе» т.б. номинациялармен марапатталады. «Оқы, талқыла, ұсын...»- «Прочитай, расскажи, передай...»-кітап марафонына» қатысыңыздар!
|
Пользователи1
Гости10
Роботы16
Список пользователей
CecilByday
Сейчас на сайте
RubenTiece
Сейчас на сайте
Robertfic
Сейчас на сайте
Arnoldtab
Был(a) в сети 10 минут назад
StevenItedy
Был(a) в сети 10 минут назад
Lloydcox
Был(a) в сети 10 минут назад
ThomasImist
Был(a) в сети 10 минут назад
BrandonTen
Был(a) в сети 17 минут назад
EdgarBiz
Был(a) в сети 17 минут назад
ZacharyReile
Был(a) в сети 17 минут назад
HowardFooge
Был(a) в сети 17 минут назад
Edmondgob
Был(a) в сети 24 минуты назад
KevinDic
Был(a) в сети 24 минуты назад
StevenGoorp
Был(a) в сети 24 минуты назад
DennisVak
Был(a) в сети 24 минуты назад
Antonioprodo
Был(a) в сети 32 минуты назад
Douglasprarf
Был(a) в сети 32 минуты назад
Davidtaugh
Был(a) в сети 32 минуты назад
HarryDon
Был(a) в сети 32 минуты назад
Louistus
Был(a) в сети 39 минут назад
SteveNiz
Был(a) в сети 39 минут назад
Henryaccug
Был(a) в сети 39 минут назад
CharlesVop
Был(a) в сети 39 минут назад
CliftonSmifs
Был(a) в сети 46 минут назад
Travisfearm
Был(a) в сети 46 минут назад
RichardNor
Был(a) в сети 46 минут назад
BillyNus
Был(a) в сети 46 минут назад
JeffreyCof
Был(a) в сети 54 минуты назад
Richardbow
Был(a) в сети 54 минуты назад
Manuelguddy
Был(a) в сети 54 минуты назад
Bruceswola
Был(a) в сети 54 минуты назад
CameronAmige
Был(a) в сети 1 час назад
Josephwhivy
Был(a) в сети 1 час назад
Jeffreyfah
Был(a) в сети 1 час назад
HerbertApest
Был(a) в сети 1 час назад
Stuartunsax
Был(a) в сети 1 час назад
StevenPoimi
Был(a) в сети 1 час назад
JamesNeeva
Был(a) в сети 1 час назад
RussellLax
Был(a) в сети 1 час назад
Eldondouby
Был(a) в сети 1 час назад
EdwardKancy
Был(a) в сети 1 час назад
Vancesip
Был(a) в сети 1 час назад
Jaimenen
Был(a) в сети 1 час назад
Steveviast
Был(a) в сети 1 час назад
JeffreyBep
Был(a) в сети 1 час назад
PhillipThact
Был(a) в сети 1 час назад
DavidFeefs
Был(a) в сети 1 час назад
Miguelbruse
Был(a) в сети 2 часа назад
Richardastew
Был(a) в сети 2 часа назад
MitchelScazy
Был(a) в сети 2 часа назад
MichaeladOli
Был(a) в сети 2 часа назад
Franktiz
Был(a) в сети 2 часа назад
Walterceafe
Был(a) в сети 2 часа назад
DavidUseni
Был(a) в сети 2 часа назад
JosephVon
Был(a) в сети 2 часа назад
JimmyKex
Был(a) в сети 2 часа назад
Juliojal
Был(a) в сети 2 часа назад
JesseClout
Был(a) в сети 2 часа назад
Williamsaump
Был(a) в сети 2 часа назад
Denniston
Был(a) в сети 2 часа назад
Ernestfek
Был(a) в сети 2 часа назад
JimmyCUtle
Был(a) в сети 2 часа назад
JameyNef
Был(a) в сети 2 часа назад
Raymondchats
Был(a) в сети 2 часа назад
BrianacouG
Был(a) в сети 2 часа назад
Edwardreina
Был(a) в сети 2 часа назад
Charlescinge
Был(a) в сети 2 часа назад
Michaelglams
Был(a) в сети 2 часа назад
DannyTar
Был(a) в сети 2 часа назад
DorseyRab
Был(a) в сети 2 часа назад
HarrisHat
Был(a) в сети 2 часа назад
Douglasacire
Был(a) в сети 2 часа назад
WillieJeply
Был(a) в сети 2 часа назад
Richardnanda
Был(a) в сети 2 часа назад
Jimmyrug
Был(a) в сети 2 часа назад
AndrewChods
Был(a) в сети 2 часа назад
Albertmox
Был(a) в сети 2 часа назад
Charlesstope
Был(a) в сети 2 часа назад
JamesDyego
Был(a) в сети 2 часа назад
AlbertoSarma
Был(a) в сети 2 часа назад
Malcolmempat
Был(a) в сети 2 часа назад
Geraldutink
Был(a) в сети 2 часа назад
RonaldCrear
Был(a) в сети 2 часа назад
AnthonyNus
Был(a) в сети 3 часа назад
LouisCor
Был(a) в сети 3 часа назад
DennisFug
Был(a) в сети 3 часа назад
HowardSlaby
Был(a) в сети 3 часа назад
RaymondSnugh
Был(a) в сети 3 часа назад
Averysat
Был(a) в сети 3 часа назад
LeonardTaw
Был(a) в сети 3 часа назад
BobbyCiz
Был(a) в сети 3 часа назад
AngeloOnere
Был(a) в сети 3 часа назад
JamesRilag
Был(a) в сети 3 часа назад
JosephSailk
Был(a) в сети 3 часа назад
Patrickler
Был(a) в сети 3 часа назад
Larrychubs
Был(a) в сети 3 часа назад
NathanLat
Был(a) в сети 3 часа назад
JasonShego
Был(a) в сети 3 часа назад
Williamkasus
Был(a) в сети 3 часа назад
OrlandoSiz
Был(a) в сети 3 часа назад
Frankges
Был(a) в сети 3 часа назад
Thomascerie
Был(a) в сети 3 часа назад
EdwardEleld
Был(a) в сети 3 часа назад
Williamacoub
Был(a) в сети 3 часа назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Мамыр 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |