Құжаттарды электронды түрде жеткізу



Автоматтандырылған бөлім кітапхана қорынан, жеке қолданушылардан құжаттың электрондық көшірмелеріне тапсырыс алады. Журналдарда басылған мақалалардың және кітаптың жеке фрагменттерінің электрондық көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар.

Кітапхана қорына тапсырыс беру арқылы А4 форматында баспа құжатының тарау немесе басқа бөлігінің , мақаланың электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар (150 - 300 dpi tiff, pdf форматындағы қара-ақ графикалық бейнелеулер түрінде, сканерленген мәтін). Көшірмелер оқырманның тұрақты мекен-жайына жіберіледі. Қызмет ақылы.

Кітапхана қорында деректеменің бар-жоқтығы тексерілгесін, тапсырыс берушінің мекен-жайына тапсырыс бағасы мен орындалу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Ақша кітапхананың есеп -айыру шотына түскеннен кейін немесе төлем туралы құжат көшірмесі алынғаннан кейін тапсырыс орындала басталады.

13.00 сағ. кейін жіберілген тапсырыс, келесі күннің тапсырысы деп саналады. Төленген құжаттың электрондық көшірмелері, тапсырушы көрсеткен e-mail мекен-жайына жіберіледі. Тапсырыс «Қазақстан Республикасының шектес және авторлық құқық Заңына» сәйкес орындалады.

Кітапхана қорынан (журнал мен жинақтардан мақалалар, кітаптардың тараулары және т.б.), төменде көрсетілген нысанды толтырып құжаттың электрондық көшірмелеріне тапсырыс бере аласыздар. Тапсырыс tazhibaev_kitapkhana@mail.ru электрондық поштасымен қабылданады.


ҚҰЖАТТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨШІРМЕ ТАПСЫРЫСЫН ТӨЛЕУ ҮШІН РЕКВИЗИТТЕР:

Кәсіпорын атауы: Мемлекеттік  мекеме:
«Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы»
Мекен-жайы: 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы н/з
БИН   990140003903
Банк шотының  нөмірі (ИИК) KZ70070102KSN3301000
Банк атауы: Қызылорда облысының Қазынашылық Департаменті
Банктің коды (БИК)  KKMFKZ2A