
Мұстафа Шоқай
( 1890 – 1941 )
Мұстафа Шоқай - патшалық Ресей заманында Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының саяси бюросында қазақ халқының мүддесін тұңғыш көтерген адам. Түркістанда құрылған Мұсылман орталығының тұңғыш басшысы. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ.
Мұстафа 1890 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Мұстафа Шоқай» ауылында (бұрынғы «Наршоқы) дүниеге келген. Атасының арғы тегі қыпшақтардан тарайтын Торайғырдың белді ақсүйектеріне жатады. Ол атақты Торғай датқаның немересі, беделді де бетті Шоқайдың бел баласы. Нағашы жұрты Хиуаны билеген қазақ хандарының әулетінен өрбиді. Мұстафа ауылда жүріп хат таниды. Әліпті ә дегенде ата-анасынан үйренгенге ұқсайды. Содан кейін Александр Керенскиймен бірге маңдай алды болып Ташкент гимназиясын, кейін Петербор университетінің заң факультетін үздік бітіреді. Соңынан уақытша үкіметтің басында тұрған сол Керенский Мұстафа Шоқайға өз кабинетіндегі міністірдің орнын ұсынады, ал Мұстафа одан бас тартады.
Мұстафа Шоқай Түркістанның тарихын бес саусағындай білген . Ол мәдениеттің, саясат пен заң ілімінің дамуына деген көзқарасын түрік, орыс, ағылшын, француз, неміс, тәжік тілдерінде баяндап, жазып отырған.
1917 жылғы Ақпан төңкерісі М.Шоқай тобының Түркістанда біртұтас Түркістан федерациясы құрамындағы ұлттық автономиялар құруға дайындалуына ықпал етті. Бірақ Уақытша үкімет Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты.
1917 жылдың наурызында М.Шоқай Ташкенттегі мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылман орталығын басқарды. Бұл орталық та автономия құруға әзірлене бастады.
1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылғаны жария етілді. Оның Президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсанында М.Шоқай «Алашорда» үкіметінің құрамына кірді.
1918 жылдың қаңтарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды шабуылмен басып алған соң, Мұстафа Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене атсалысады.
1920 жылы қызыл армия Грузияға кіргенде, Мұстафа Түркияға қоныс аударады, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады. Эмиграцияда жүріп М.Шоқай кеңестік езгідегі Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге арналған журналдар мен газеттер шығаруды ұйымдастырып, олардың жұмысына белсене араласты. Стамбұл мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада ол Орта Азия туралы мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи және саяси шолуларын жариялады. Ол ұйымдастырған «Жаңа Түркістан» және «Жас Түркістан» журналдары тиісінше Стамбұл мен Берлинде басылып тұрды.
Мұстафа Шоқайұлы өзінің 1937 жылы «Яш Түркістан» журналына «Қоқан автономиясының» 14 жылдығына арнап мақала жіберген. Осы мақалаға сүйенсек, Қоқан автономиясы бар болғаны 2 ай, 3 күн ғана, яғни 1917 жылдың 10 желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында тарағанын байқаймыз.
Мұстафа Шоқайдың шетелдік эмиграциядағы саяси қызметі бүкіл Түркістан жұрты үшін жазба және ауызекі жүргізген үгіт-насихат жұмыстарынан көрінеді. Оның аса шебер ұйымдастырушылығы, ұлттық құндылықтар саласында жасаған тұжырымдары осы күнгі саясатпен ұштасып, сабақтасып жатқандығы дәлел болады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен М.Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жіберіледі. Осы жерде екі апта отырып, кейіннен босатылады. М.Шоқай үйінде ұзақ бола алмайды. Оны әуелі Германияға, кейіннен Польша мен Украинаға әкеліп, тұтқынға түскен түркістандықтармен жүздестіреді.
Көзі тірісінде көк түріктің көсемі атанған Мұстафа Шоқайға көп жылдар бойы «елін сатқан сатқын», «фашистерге қызмет еткен жау» деген өте ауыр айыптар тағылып келді. Ал қазіргі кезде күрескер есімінен «сатқын, халық жауы» деген айдарлар алынды. М.Шоқай Түркістан легионын ұйымдастыруға қатысты деген болжамның қате екендігі бүгінде дәлелденді.
Мәскеудің Қоғамдық пікірлер институты 2008 жылы «РОССПЭН» баспасынан «Орыс шетелдіктерінің қоғамдық ой-пікірі» атты үлкен энциклопедия шығарып, бұнда Мұстафа Шоқай Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, дүниежүзілік деңгейдегі саясаткер, заңгер, публицист, аса ірі қоғам қайраткері, өз ұлтының адал патриот – күрескері әрі үлкен құрметке лайық тұлға ретінде көрсетіліп, көлемді еңбекке орын берілген.
2009 жылы саясаткер Мұстафа Шоқай Санкт-Петербордың ғылымы, мәдениеті және өнерінің дамуына сіңірген орасан зор еңбегі үшін «Петербор тұлғасы» медалімен марапатталды.
Гуманист-ойшыл, демократ, энциклопедиялық білім иесі Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы бола отырып, сол елдің тәуелсіздігін аңсаған, шындық үшін күрескен саясаткер, ұлт мұратының жолында өз басын тәрк еткен адам. Бұны ұлтшылдықтың қазақы үлгісі деп атауға болады.
Мұстафаның жан-жүрегі туған халқымен бірге болды. Қазақтың ардагер ұлы 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлин қаласында жұмбақ жағдайда көз жұмды. Оның өмір жолы Ұлы Отаны - Түркістан үшін от кешкен Ұлы Азаматтың жолы болатын.
|
Гости7
Роботы24
Список пользователей
Willieboipt
Сейчас на сайте
Richardfloro
Был(a) в сети 4 минуты назад
Bryanbup
Был(a) в сети 4 минуты назад
HoraceVab
Был(a) в сети 11 минут назад
CharlesEdino
Был(a) в сети 11 минут назад
Charlesobene
Был(a) в сети 14 минут назад
HenryRop
Был(a) в сети 21 минуту назад
VincentTruff
Был(a) в сети 24 минуты назад
Thomasdiare
Был(a) в сети 25 минут назад
Stevenstors
Был(a) в сети 26 минут назад
Matthewplact
Был(a) в сети 33 минуты назад
Chrisalaks
Был(a) в сети 35 минут назад
Robertflula
Был(a) в сети 35 минут назад
JerryTal
Был(a) в сети 36 минут назад
Kevincrync
Был(a) в сети 43 минуты назад
Donaldpes
Был(a) в сети 44 минуты назад
ArdenSnikE
Был(a) в сети 47 минут назад
TommyBex
Был(a) в сети 51 минуту назад
SteveKew
Был(a) в сети 55 минут назад
Edwinamusa
Был(a) в сети 56 минут назад
Timothycloca
Был(a) в сети 58 минут назад
BrettIdorb
Был(a) в сети 1 час назад
JasonInazy
Был(a) в сети 1 час назад
Roberthourf
Был(a) в сети 1 час назад
Adrianrof
Был(a) в сети 1 час назад
DarrellExalo
Был(a) в сети 1 час назад
DomingoBuity
Был(a) в сети 1 час назад
Thomasunjum
Был(a) в сети 1 час назад
Richardrix
Был(a) в сети 1 час назад
RogerBella
Был(a) в сети 1 час назад
LarryPup
Был(a) в сети 1 час назад
CharlesDouch
Был(a) в сети 1 час назад
Tylerset
Был(a) в сети 1 час назад
Joshuacrymn
Был(a) в сети 1 час назад
Marcuster
Был(a) в сети 1 час назад
LeroyTerie
Был(a) в сети 2 часа назад
AnthonyHef
Был(a) в сети 2 часа назад
BlaineSoith
Был(a) в сети 2 часа назад
Kurtisevace
Был(a) в сети 2 часа назад
Williamstoca
Был(a) в сети 2 часа назад
Robertwasse
Был(a) в сети 2 часа назад
Russelvow
Был(a) в сети 2 часа назад
JoshuaNoiva
Был(a) в сети 2 часа назад
RodneyTar
Был(a) в сети 2 часа назад
Charlescax
Был(a) в сети 2 часа назад
Richardneime
Был(a) в сети 2 часа назад
Williamdibra
Был(a) в сети 2 часа назад
Ralphkit
Был(a) в сети 2 часа назад
Randysex
Был(a) в сети 2 часа назад
Jamesjaf
Был(a) в сети 2 часа назад
RonaldHeags
Был(a) в сети 2 часа назад
DuaneItase
Был(a) в сети 2 часа назад
Santosrew
Был(a) в сети 2 часа назад
Thomasagozy
Был(a) в сети 2 часа назад
ArnoldoLoutt
Был(a) в сети 2 часа назад
Delbertnip
Был(a) в сети 2 часа назад
Davidicest
Был(a) в сети 2 часа назад
Mariokeery
Был(a) в сети 2 часа назад
Ethanbyday
Был(a) в сети 2 часа назад
Stevenbroxy
Был(a) в сети 2 часа назад
RamonAnymn
Был(a) в сети 2 часа назад
Robertref
Был(a) в сети 2 часа назад
CraigFub
Был(a) в сети 2 часа назад
Waltertrigh
Был(a) в сети 3 часа назад
WilliamMarne
Был(a) в сети 3 часа назад
Hermaniroks
Был(a) в сети 3 часа назад
RonaldDweni
Был(a) в сети 3 часа назад
Josephscona
Был(a) в сети 3 часа назад
JerryGof
Был(a) в сети 3 часа назад
KennethPet
Был(a) в сети 3 часа назад
JeremyDip
Был(a) в сети 3 часа назад
JustinMub
Был(a) в сети 3 часа назад
Alfonsopuche
Был(a) в сети 3 часа назад
Michaelexcaf
Был(a) в сети 3 часа назад
Victorapess
Был(a) в сети 3 часа назад
ChaseUndet
Был(a) в сети 3 часа назад
Anthonymam
Был(a) в сети 3 часа назад
JerryVat
Был(a) в сети 3 часа назад
AntonioNar
Был(a) в сети 3 часа назад
Chrissoose
Был(a) в сети 3 часа назад
RicardoBic
Был(a) в сети 3 часа назад
Richardsyday
Был(a) в сети 3 часа назад
Davidweifs
Был(a) в сети 3 часа назад
WalterCef
Был(a) в сети 3 часа назад
FelixBek
Был(a) в сети 3 часа назад
Roberthoaks
Был(a) в сети 4 часа назад
Кітапхана тарихы

Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ
ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
« Ақпан 2023 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 |